Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
gov.kz
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту мен әртараптандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. 2025 жылы еліміздің әр өңірінде жалпы саны 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді.

Жаңа өндіріс орындары машина жасау, қара және түсті металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын өндіру салаларын қамтиды. Іске қосылған жобалар мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, отандық өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Атап айтқанда, Алматы қаласында «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС іске қосылып, жылына 120 мың жеңіл автокөлік шығарады. Жобаға 182 млрд теңге инвестиция салынып, 3 600 адам жұмыспен қамтылды.

Қостанай облысында бірден бірнеше ірі жоба жүзеге асты. «KIA Qazaqstan» зауыты жылына 70 мың автокөлік өндіруге қауқарлы. Инвестиция көлемі – 131,5 млрд теңге, 1 500 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар «KamLitKZ» ЖШС екі бірдей өндірістік нысанды іске қосып, құю өнімдерін шығарады.

Павлодар облысында ферроқорытпа өндірісі қарқын алды. «EkibastuzFerroAlloys» және «Kazferro Limited» кәсіпорындары іске қосылып, ферросилиций өндірісінің жылдық көлемі жүздеген мың тоннаға жетті.

Қарағанды облысында металлургия саласындағы бірнеше ірі жоба жүзеге асырылды. «Qaragandy Power Silicon» және «ТЭМПО-Казахстан» зауыттары мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Ал Атырау, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп, химия және құрылыс материалдарын өндіретін жаңа кәсіпорындар ашылды. Олардың қатарында полиэтилен қап, алюминий профильдері, газоблок, радиатор, минералды жылытқыштар мен резеңке-пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттар бар.

Жалпы алғанда, іске қосылған өндіріс орындарына жүздеген миллиард теңге инвестиция тартылып, экономиканың нақты секторын дамытуға және өңірлердегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға серпін берді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар