Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдар жабылды
- author AR-AY
- Бүгін, 10:07
- 15
Атап айтқанда, Қарағанды облысында «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 101–266 шақырым аралығы, яғни Нұра ауылынан Теміртау қаласына дейінгі учаскеде барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылды.
Қостанай облысында «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 555–683 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Сарыкөл ауылы) және 468–539 шақырым аралығы (Федоровка ауылы – Қостанай қаласы) бойынша қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Сонымен қатар «Қостанай – Мамлютка» автожолының 250–406 шақырым аралығында (Тобыл қаласы – Ұзынкөл ауылы) қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Жауапты қызметтердің мәліметінше, жол қозғалысын 2025 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 15:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.




