Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елде онкологиялық аурулардан өлім деңгейі 20%-ға төмендеді

Елде онкологиялық аурулардан өлім деңгейі 20%-ға төмендеді
Денсаулық сақтау министрлігі
Соңғы бес жылда Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 20 пайызға азайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл көрсеткішке 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Министрлік дерегінше, 2025 жылы елде обырдың 42 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелген. Бұл анықтау деңгейінің жақсаруына байланысты соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен 7,8 пайызға жоғары. Қазіргі таңда динамикалық бақылауда 246 205 пациент бар, олардың 55 пайыздан астамы – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар.

Сондай-ақ бес жыл және одан да ұзақ өмір сүретін науқастардың үлесі 63 пайызға дейін өскен. Ерте диагностика деңгейі 33 пайыздан асып, обырдан болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 61 жағдайға дейін төмендеген.

Онкологиялық қызметті дамытуға соңғы жылдары 30,4 млрд теңге бағытталған. Нәтижесінде алты жаңа сызықтық үдеткіш іске қосылып, сәулелік терапиямен қамту деңгейі 61 пайызға жеткен. Адаптивті және 4D-сәулелік терапия секілді заманауи емдеу әдістері енгізілді. Сонымен қатар Қызылорда мен Ақтауда ПЭТ/КТ орталықтары ашылды.

Мақсатты және иммундық-онкологиялық препараттардың жеті түріне қолжетімділік кеңейіп, 17 онкологиялық орталықта госпитальдық фармация орталықтары жұмыс істеп тұр. Асқазан-ішек жолдарының обырын ерте анықтау мақсатында 19 эндоскопиялық сараптама орталығы құрылған.

Алдын алу шаралары да күшейтілген. Онкоскринингтер барлық сақтандырылмаған азаматтарға қолжетімді. 2026 жылдан бастап төмен дозалы КТ мен жасанды интеллектті қолдану арқылы өкпе обырына арналған пилоттық скрининг іске қосылады. Шалғай өңірлерде жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы кеңейтілуде.

Кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында Қазақстан Түркия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғызстанның жетекші онкологиялық орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Соның аясында 35 маман шетелде оқудан және тағылымдамадан өткен.

Министрліктің хабарлауынша, кешенді жоспарды іске асыру онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және жоғары технологиялық емдеуді қамтитын жүйелі медициналық көмекті қалыптастыруға мүмкіндік берді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар