Жамбылда ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысы ардагері өмірден озды
- author AR-AY
- Бүгін, 10:43
- 21
Ардагердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты волонтерлер kislorod_sos_taraz парақшасында жариялады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Григорий Нещеретнев 11 күн бұрын жамбас сүйегінің мойнын сындырып, медициналық мекемеге жеткізілген. Жасына байланысты оған хирургиялық ота жасалмаған. Алғашында ардагер ауруханада қалдырылмай, кейін туыстарының өтінішінен соң ғана емдеу мекемесіне жатқызылған.
Волонтерлердің хабарлауынша, дәрігерлер қарттың өмірі үшін соңына дейін күрескен. Алайда көрсетілген медициналық көмектің барлық шараларына қарамастан, ардагердің жүрегі тоқтаған.
Григорий Владимирович Нещеретнев 1921 жылғы 22 қарашада Луговой ауданына қарасты «Каменка» ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Луговой машина-трактор станциясында комбайншы болып еңбек еткен.
1941 жылы әскер қатарына шақырылып, майдан даласында аға сержант, бөлімше командирі және батарея старшинасы қызметтерін атқарған. Ол Ленинград қоршауын бұзу операциясына, Новгород қаласын азат етуге қатысып, ұрыс жолын Псков қаласына дейін жалғастырған.
Ардагердің жарқын бейнесі мен ел үшін сіңірген еңбегі жадымызда мәңгі сақталады.
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Бақытты отбасы — есірткісіз әлем» атты би батлы өтті
- авторAR-AY
- 22 желтоқсан, 2025



