Таразда «Бақытты отбасы — есірткісіз әлем» атты би батлы өтті
- author AR-AY
- Бүгін, 18:41
- 1
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарды салауатты өмір салтына баулу, есірткіге қарсы профилактиканы күшейту және өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.
Би батлы Hip-Hop және Breakdance бағыттары бойынша жарыс форматында өтіп, бес номинацияны қамтыды. Байқауға 6 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 100-ге жуық бала мен жасөспірім қатысып, өздерінің жоғары шеберлігін, әртістік қабілетін және командалық рухын көрсетті.

Номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар:
Hip Hop Kids — Дабыл Аяна,
Hip Hop Junior — Иванова Дарина,
Hip Hop Open — Тельгараева Дарья,
Breakdance Kids — Яриев Тимур,
Breakdance Open — Стратула Рияд.
Жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастырып, өнер мен спорт арқылы салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.



