Банктің 55 млн теңгесін жымқырған күдікті Швециядан елге жеткізілді
- author AR-AY
- Бүгін, 14:51
- 1
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Швециядан экстрадицияланды.
Ведомство мәліметінше, экстрадициялау Бас прокуратура, Интерполдың Ұлттық орталық бюросы және ҚР Сыртқы істер министрлігінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде жүзеге асқан.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2018 жылы екінші деңгейлі банктердің бірінің мобильді қосымшасындағы жүйелік қателерді пайдаланып, банк картасының шотындағы қалдықтан артық сомаларға жалған аударымдар жасаған. Соның салдарынан банкке 55 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Айта кетейік, Швециямен экстрадициялау туралы келісім болмағанына қарамастан, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға 4 адам экстрадицияланған. Олардың қатарында жалған ақша жасау және алаяқтық қылмыстары үшін іздеуде болған тұлғалар бар.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Жапония 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025


