Қаралы хабарды ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Асанәлі Әшімов – ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерін әлемдік деңгейге көтерген дара тұлға. Ол көрермен жадында Бекежан, Кебек, Шадияров, Қа мырза, Қодар, Қасымханов секілді жарқын әрі күрделі образдарымен мәңгі сақталады.
Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, режиссер, театр педагогы, профессор.
Өнер қайраткері Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980) атақтарына ие болған. Сондай-ақ Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының (1973) және КСРО мемлекеттік сыйлығының (1974) лауреаты. Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған. 2017 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы берілді.
Қазақстанда жастар саны 5,8 миллионнан асты
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Жапония 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025


