1414 нөмірінен келген хабарламаға сенбеңіз: мемлекеттік сервистерде жаңа қауіпсіздік шарасы енгізілді
- author AR-AY
- Бүгін, 17:27
- 20
Сондықтан азаматтар бір реттік кодты ешкімге айтуға болмайды. Егер кодты айтқанын байқасаңыз, байланысуды дереу тоқтату керек.
«Кодты айту – алаяқтардың торына түсуге алғашқы қадам. Кейін олар мемлекеттік қызметкер атанып, қосымша ақпарат сұрауы мүмкін», – деді вице-министр.
Бұған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелерге енді кіру тек биометрия (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы жүзеге асады. 2025 жылғы желтоқсаннан бастап талаптарды орындамаған жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды.
Министрлік азаматтарды цифрлық сауатқа үйрету және киберқауіпсіздікті күшейту жұмыстарын жалғастырады. eGov Mobile қосымшасының басты бетінде күмәнді әрекеттерді тану, кибергигиена ережелерін сақтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз қолдану туралы ақпараттық баннерлер орналастырылған.


