Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді
x.com/Janibek Alimkhanuly
2025 жылдың 7 желтоқсанында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де тамашалай алады.

Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі Frost Bank Center аренасында, Техас штатының Сан-Антонио қаласында (АҚШ) өтеді.

Отандасымыз Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды.

Сонымен қатар жаһан жұрты асыға күткен бокс кешінде кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек өтеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар