Жаңалықтар
Алматы–Бішкек трассасындағы ірі апат жеті адамның өмірін қиды
- author AR-AY
- Бүгін, 10:46
- 1
2 желтоқсанға қараған түні Алматы–Бішкек тас жолында аса ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды arainfo.kz
Алматы–Бішкек тасжолында ірі жол апаты болып, жеті адам көз жұмды. Қайғылы оқиға тасжолдың 129-шақырымында болған.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша Honda Odissei көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.
Полицияның хабарлауынша, соқтығыс салдарынан жеңіл көліктегі жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


