Жамбыл облысында әскери қызметкер салтанатты шарада көзінен айырылды
- author AR-AY
- Бүгін, 11:38
- 9
Оқиға Жуалы ауданындағы 91/678 әскери бөлімде болған. Ұрыс өнерін көрсету кезінде Жақсылық Молдақұл басына жарған бөтелкенің сынықтары көзіне кіріп кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, жарақат тым ауыр болғандықтан, көру мүшесін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Жәбірленушінің анасы Гүлзира Байқонысова баласы ауыр халде болғанын айтып, толық ем көрсетуді талап етті. Оның сөзінше, әскери бөлім туыстарына дереу хабар бермеген.
Зардап шеккен сарбаз алдымен аудандық ауруханаға, кейін облыстық офтальмологиялық орталыққа жеткізілген. Дәрігерлер көздің ішкі қабықшаларын тігіп, көзді мүше ретінде сақтап қалу үшін операция жасағанын айтты.
Әскери бөлім басшылығы қызметкерге барлық қажетті көмек көрсетілетінін, медициналық сараптамадан кейін оны жеңіл қызметке ауыстыру мүмкін екенін мәлімдеді.


