«Digital BAGYT» – жамбылдық жастардың цифрлық бастамалар алаңы
- author AR-AY
- Бүгін, 11:29
- 20
Жобаның басты мақсаты – жастардың жобалық ойлауын, soft skills қабілеттерін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби бағдар беру және өңірлік деңгейдегі жастар бастамаларын жүйелеу.
Тараз қаласында ашылған BAGYT HUB – бұл тек коворкинг кеңістігі емес, жастардың білім, шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға арналған инновациялық орта. Мұнда түрлі шеберлік сабақтары, жобалық оқыту, тренингтер және жастар идеяларын қолдауға бағытталған кездесулер өткізілді. Орталықтың техникалық мүмкіндіктері, жұмыс кестесі мен ережелері заманауи талаптарға сай әзірленіп, фронт-офис форматы іске қосылды.
IdeaLab – жобалық ойлау мектебі жобасы аясында жастарға арналған жобалық менеджмент, командалық жұмыс, дизайн-ойлау және мемлекеттік гранттар, SMM, цифрлық сауаттылық бағытында тренингтер өтті. Мастер-кластарға танымал тренерлер мен сарапшылар шақырылып, жастардың жобалық бастамалары құрылымдалып, ұсыныстар деңгейіне жеткізілді.
CareerNavigator семинарлар топтамасы кәсіби бағдар мен жұмысшы мамандықтарға бағыттау мақсатында ұйымдастырылды. Облыстық нотариаттар палатасының өкілдері мен коучтар жастармен ашық форматта жұмыс жүргізді.
BAGYT Caravan атты аудандық ақпараттық турлар арқылы облыстың барлық 10 ауданында жергілікті жастармен кездесу, кері байланыс, ұсыныс жинау жұмыстары жүргізілді. Бұл форматта жастар ресурстық орталықтары серіктес ретінде жұмыс атқарды.
Жобаның маңызды бөлігі – InnoChallenge жастар идеялары байқауы болды. Сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «BAGYT HUB Launch Forum» – жобаның фронт офисі ашылды.
«Digital BAGYT» жобасы – өңір жастарының белсенділігін, креативті әлеуетін және азаматтық қатысуын арттыруға бағытталған тиімді алаң ретінде өз нәтижесін берді. Жоба аяқталғанымен, BAGYT HUB орталығы жастардың бастамаларын қолдауды жалғастыра береді.
Айдана Бекмырза,
облыстық пікірсайыс одағы
«Еркін пікір» жастар қоғамдық
бірлестігінің төрағасы.




