Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Таза бейсенбі» акциясының берері мол

«Таза бейсенбі» акциясының берері мол
Автор
Тараз қаласында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезекті рет ұйымдастырылды.

Экологиялық акцияның мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Бұл жолы сенбілік жұмыстары Тараз қаласындағы «Ұлы дала» ықшамауданында өтті. Акцияға партия облыстық филиалының қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың айтуынша, экологиялық бастамаларды іске асыру – партия қызметінің басым бағыттарының бірі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарының бірі – «Таза Қазақстан». Бұл қағида елімізде экологиялық мәдениетті дамытуға, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Осы бағытта «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы тұрақты түрде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырып келеді. Бұл партиямыздың негізгі басымдықтарының бірі. Бүгін сол бастаманың аясында еліміздегі ең ірі шағын аудандардың бірі – «Ұлы далада» тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл – табиғатқа жанашырлық танытудың нақты көрінісі. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табады, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Жалпы, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жыл басынан бері облыстың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аталған бастама аясында бүгінге дейін партия мүшелері 36 тоннадан астам қоқыс жинап, 2 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды. Бұл жұмыстарға 3 мыңға жуық аманаттық азамат өз еркімен атсалысты.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы бастамаларды жалғастыра бермек.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар