Мамандар жол-көлік жағдайының қиындауы ықтимал екенін ескертеді, деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылғы 10 қарашада республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Павлодар облыстарының кей аумақтарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
Мамандар жол-көлік жағдайының қиындауы ықтимал екенін ескертеді. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау, сондай-ақ жолдағы ахуалға мұқият болу ұсынылады.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.


