Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Экологиялық мәдениет баршаға ортақ

Экологиялық мәдениет баршаға ортақ
Автор
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыру мақсатында «Экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында жастар экология, еріктілік, белсенділік бағыттарында пікір алмасып, тың идеяларымен бөлісті. Іс-шарада облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі ерекше екенін атап өтті.

2025 жылы жастар тарапынан қолға алынған жобалар менбастамалардың басым бөлігі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталуда. Биыл «Тазалық өз аулаңнан басталады», «Тазалықты өзімізден бастайық» атты кең ауқымды экологиялық акциялар ұйымдастырылып, шараларға өңір жастары белсенді түрде атсалысуда. Аталған бастамалар аясында аймақ жастары сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстарына қатысып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде маусымдық жұмыстарға да атсалысты. Іс-шаралар жастардың еңбекпен қамтылуына және табиғатқа жанашырлық танытуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар биылғы көктем және күз мезгілдерінде облыс көлемінде көгалдандыру және тал егу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Бұл іске ауылдық округтерден бастап, аудандық және қалалық жастар да белсене қатысты. Жалпы облыстық және аудандық жастар ресурстық орталықтары тарапынан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1 214 іс-шара өткізіліп, 32 456 жас қамтылды. Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, – дейді Айбек Қадыралиев.

Сонымен қатар «Жібек жолы» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Аққанат Болат волонтерлік қызметтің қоғамға берер пайдасы мен табиғатты қорғау жолындағы жобалар туралы баяндады. Ол экология бағытындағы волонтерлік жұмыстардың жастарды тәрбиелеудегі маңызын атап өтіп, жастарды белсенді болуға үндеді.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар