Жамбылдық әлеуметтік сала қызметкерлері республикалық марапатқа ие болды
- author AR-AY
- Бүгін, 15:45
- 15
Форум барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов елдің әлеуметтік саласының дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері мен сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.
Олардың қатарында Жамбыл облысының өкілі Болат Үсембаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауында Жамбыл облысы «Нақты көмек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шолпан Ахметова «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар жамбылдық мамандар да марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, Байқазақова Ботагөз, басқарманың бас маманы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппарат басшысының «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, Гүлсін Шынтаева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Құрмет грамотасымен, ал Мақпал Сегізбаева министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен марапат иелеріне естелік мүсіндер мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімдері аталған мамандардың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әділ әрі инклюзивті Қазақстанды қалыптастыруға қосқан баға жетпес үлесін мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары мойындаудың жарқын көрінісі болды.




