Жаңалықтар
Жамбыл облысында 5 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
- author AR-AY
- Бүгін, 11:03
- 21

Өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылуда, деп хабарлайды arainfo.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне қарасты Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің біріне қатысты тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде Меркі ауданында орналасқан жалпы ауданы 5,2 мың гектар болатын жер телімдерінің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай отырғаны анықталды.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жер пайдаланушыға оларды жою жөнінде нұсқама берілген. Алайда белгіленген мерзімде талаптар орындалмағандықтан, департамент жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.