Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда ажырасу саны азаюда

Қазақстанда ажырасу саны азаюда
Shutterstock
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы бес жылда елде ажырасу саны 16%-ға азайған, деп хабарлайды arainfo.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамда моральдық және отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды күшейтуде.

Соңғы жылдары елімізде отбасы институтын қолдау мақсатында бірқатар бастама жүзеге асты. 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодекс көпбалалы және табысы төмен отбасыларды қорғауға бағытталды. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қатайтылып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары енгізілді.

Отбасын қолдау орталықтарының саны 33-тен 131-ге дейін артты. Қазіргі уақытта бұл орталықтардағы қызметтерді толық цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы бес жылда елде ажырасу саны 16%-ға азайған. Бұған неке алдындағы кеңес беру және отбасылық сауаттылықты арттыру жобаларының ықпалы зор.

Бұдан бөлек, министрлік «Ата-аналар академиясы» мен «Ата-ана.kz» платформасын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысушылар саны 20 мыңнан асты.

Сонымен қатар елімізде Аналар күні, Әкелер күні және Отбасы күні ресми мереке ретінде атап өтіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар