Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда өңірлік медицина жаңғырады: 34 облыстық ауруханада ауқымды жаңарту басталды

Қазақстанда өңірлік медицина жаңғырады: 34 облыстық ауруханада ауқымды жаңарту басталды
gov.kz
Қазақстанда 34 облыстық аурухананы жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды arainfo.kz

Жоба өңірлерде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және терапиялық бейіндерді дамытуға бағытталған.

Бағдарлама алты бағытты қамтиды: жаңа терапиялық бөлімшелер ашу, құзыреттілік және телемедицина орталықтарын дамыту, симуляциялық оқу орталықтарын құру, кадрларды оқыту және заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету.

Үш жыл ішінде еліміздің 17 өңірінде жалпы 2 544 төсекке арналған 71 бейінді бөлімше ашу жоспарланған. Ең көп жаңа бөлімшелер Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Алматы облыстарында ашылады.

Сондай-ақ 17 симуляциялық орталық іске қосылып, 19 телемедицина орталығы жаңғыртылады. 430 медицина қызметкері қайта даярлаудан өтеді.

Жаңарту аясында ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып, операциялық және палаталық блоктар жаңартылады. Пациенттер үшін қолайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету сапасы жақсарады.

Бағдарламаның басты мақсаты — қазақстандықтардың өз өңірінде жоғары технологиялық медициналық көмек алуына мүмкіндік жасау.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар