Қазақстандық оқушыларды бір апталық күзгі демалыс күтіп тұр
- author AR-AY
- 20 қазан, 2025
- 137
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқу жылының алғашқы демалысы – күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазаннан басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және олардың жеке қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында арнайы іс-шаралар жоспары дайындалды.
Бағдарлама патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сынды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Каникул кезінде келесі іс-шаралар өткізу ұсынылады:
- «Балалар кітапханасы» жобасы аясындағы «Демалыста кітап оқимыз» акциясы;
- «Буллингтен қорған!» атты қауіпсіздік сабағы;
- «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Осы мақсатта ата-аналармен бірлесе отырып, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, көшеде және үйде қауіпсіздік сақтау, өрт қауіпсіздігі мен киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарына бұл іс-шаралар әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Ұқсас жаңалықтар
Полиция Тараздағы «қауіпті» көңіл көтеру орындарының тізімін жариялады
- авторAR-AY
- 18 қаңтар, 2026
Нұрайдың өліміне күдікті атақты блогерлердің туысы болып шықты
- авторAR-AY
- 17 қаңтар, 2026




