
Отандық кино соңғы жылдары айтарлықтай дамыды. 2020–2025 жылдары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 119 жобаны жүзеге асырып, отандық туындылар 300-ден астам халықаралық фестивальге қатысып, 177 жүлде иеленді.
Соңғы екі жылда өткен үш питчинг нәтижесінде 57 жобаның 40-ы жас кинематографистердің қатысуымен іске асуда. 2024 жылы конкурс ережелері жетілдіріліп, процесс ашық әрі тиімді болды: құжаттар электронды түрде қабылданып, қазақ тіліндегі сценарийлер үлесі 75%-ға жетті.
Мемлекеттік қолдау алған «Qaitadan» фильмі прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, инвестицияны бес есе қайтарды. 2025 жылы өңірлік таланттарды анықтау үшін «JARQYRA» республикалық кастингі басталды.
«Қазақ киносының онкүндігі» аясында фильмдер бірнеше облыста көрсетіліп, «Кинопоиск» платформасында 17 қазақстандық фильмнен тұратын арнайы жинақ дайындалды.
Қазақстандық кинематография халықаралық деңгейде де танылып келеді: еліміз алғаш рет Канн кинонарығына қатысып, Франция, Грузия және түркі елдерімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты. «Сказка о морских псах» және «Победителей видно на старте» фильмдері Локарно мен Пусан фестивальдерінде ұсынылды.
Отандық кино бүгінде жаңа белестерге көтеріліп, қазақстандық және шетелдік көрермендердің назарын аударуда.
Ұқсас жаңалықтар
Антикордың бұрынғы басшысы Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды
- авторAR-AY
- 18 қазан, 2025