Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ашық дереккөз
Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) танымал блогерлер Жанәбіловтерге қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі – «Заңсыз кәсіпкерлік қызмет» бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты блогерлердің ісінде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар екені анықталған. Сол себепті материалдар тиісті органдарға жолданған.

Қазір тергеу органдары Жанәбіловтердің тапқан табысын және қаржы айналымын тексеріп жатыр. Тексеру қорытындысы шыққаннан кейін Агенттік олардың әрекетіне құқықтық баға бермек. Тергеу шамамен екі айға созылады деп жоспарланып отыр.

«Бүгінде Жанәбіловтер ел аумағында жүр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деді Жеңіс Елемесов.

Еске сала кетсек, бұған дейін ерлі-зайыпты блогерлер әлеуметтік желіде 10 көлік пен өзге де бағалы сыйлықтарды ойнатқан еді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар