
Сондай-ақ, күн тәртібінде қадағалау аумақта қылмыстық ахуалдың жай-күйі, құқық бұзушылық профилактикасының тиімділігі, оның ішінде бұрын сотты болған тұлғалармен және кәмелетке толмағандармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.
Ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша ауданда қылмыстың жекеленген түрлері бойынша төмендеу байқалады.
Алайда, алаяқтық 71,1%-ға (38-ден 65-ке), оның ішінде интернет алаяқтығы 158,3%-ға (12-ден 31-ге), кәмелет жасқа толмағандармен жасалған 66,6%-ға (3-тен 5-ке), кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жасалған 14,3%-ға (14-тен 16-ға), көшеде жасалған 34,5%-ға (29-дан 39-ға) өскені байқалады.
Жиын қорытындысы бойынша аудан прокуроры А.Ж. Мүлкеманов уәкілетті органдарды құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейтуге шақырды.
Сондай ақ, аудан прокуроры құзырлы органдардың өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуі қажеттігін атап өтіп, учаскелік полиция инспекторларының өздеріне бекітілген елді мекендерде тұруының маңыздылығын атап өтті.