Жаңалықтар
Президент Бектеновке экономикалық реформаларды реттеу бойынша нақты шаралар әзірлеуді тапсырды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:45
- 20

Президент Бектеновке экономикалық реформаларды жеделдетіп, бизнесті қолдау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды arainfo.kz
Президент Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдауды міндеттеді.
Президенттің пікірінше, Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне толық сай келеді. Сонымен қатар, бұл саясатта жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер де ескерілген.