Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әрбір жүректі нұрландырсын!

Әрбір жүректі нұрландырсын!
qazradio.fm
Қазақ журналистикасы – талай кезеңді бастан өткерген, тарихы терең, тағылымы мол сала. Кешегі Мұхамеджан Сералин мен Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлт руханиятының шамшырақтары қалам ұстап түскен бұл қасиетті жолды кейін Шерағаңдар жалғап, өрісін кеңейтіп, бағын жағып, бағбаны болды.

Ұлтымыздың өркендеп, мемлекетіміздің іргесінің беки түсуіне осы салада еңбек еткен тұлғалардың қосқан үлесі зор. Сол алтын арқаудан жалғасқан алтын жіп бүгінде үзілмей, қайта заман өткен сайын ширығып, жаңа сипат, жаңа серпін алып келеді. Әрі оның жарқын жалғасы ретінде Жамбыл облысынан шығатын «AR-AI» жастар газетін атауға болады.

Жастар – біздің ертеңіміз, болашағымыз. Ал сол болашақтың бағыт-бағдарын дұрыс айқындау – бүгінгі аға буынның міндеті. Осы тұрғыдан алғанда «AR-AI» жастар газетінің жарық көруі – өңірдегі идеология мен рухани саясаттың жүйелі, дұрыс бағытта жүргізіліп отырғанының көрінісі деп білеміз.

Өзіне тән тұрақты жас оқырманын қалыптастырған бұл басылым ең алдымен – тәрбие мектебі, екіншіден – шығармашыл жастардың пікір алаңы, үшіншіден – елін, жерін сүйетін азаматтарды тәрбиелеудің рухани ордасы.

Бүгінгі 20 жылдық мерейтой – осы жылдар бойы ел үшін қалам тербеген журналистердің табанды еңбегінің, оқырман сенімінің, рухани бірліктің нәтижесі.

Құрметті «AR-AI» газетінің ұжымы!

Сіздерді «Астана Ақшамы» ұжымының атынан басылымның 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс, толағай жетістік, оқырман жүрегінен орын алар жарқын дүниелер тілейміз.

Қаламдарыңыз ұштала берсін, «AR-AI»-дың шұғыласы әрбір жас жүректі нұрландырсын!

Еркін ҚЫДЫР,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар