Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Айбынды мінбер болып қала бермек

Айбынды мінбер болып қала бермек
bizmedia.kz
Құрметті «АR-АI» газетінің шығармашылық ұжымы мен оқырмандары!

Сіздерді Жамбыл облыстық жастар басылымы – «АR-АI» газетінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Жастарға арналған басылымның орны қашанда бөлек. Республика бойынша жастарға арналған мұндай мерзімді басылымдар елімізде санаулы-ақ. Бірі – Қызылордадағы «Ақмешіт жастары» болса, екіншісі – Жамбыл жеріндегі «АR-AI». Сондықтан да бұл басылымның орны ерекше, мән-маңызы айрықша.

Жиырма жыл ішінде басылым бетінде сан алуан мазмұнды мақалалар, елең еткізер ақпараттар, танымал тұлғалармен терең сұхбаттар жарық көрді. Өңірдің өзекті мәселелері көтеріліп қана қоймай, оның шешімін табуына да септігін тигізді. Осы арқылы «АR-AI» газеті жас буынның үніне, арманына, сеніміне айналды.

«АR-АI» жиырма жыл ішінде жамбылдық жастардың ғана емес, еліміздің жас буынының ой-өрісін кеңейтіп, рухани байлығын еселей түскен бірегей басылымға айналды. Алғашқы күннен-ақ жастардың мәселесін көтеріп, олардың ізденістері мен жетістіктерін дәріптеп, шығармашылығына жол ашып, азаматтық көзқарасын қалыптастыруда өлшеусіз еңбек сіңірді.

Бүгінгі таңда басылым заман талабына сай жаңарып, цифрлық мүмкіндіктерді игеріп, оқырманға ойлы да, оқылымды дүние ұсынып отырғаны қуантады. Ең бастысы – «АR-АI» газеті жастардың үні, олардың болашаққа деген сенімі мен жігерін бейнелейтін айбынды мінбер болып қала бермек.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді тағы да айтулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толайым жеңіс, шалқар шабыт тілеймін. Жастардың арман-мұратын асқақтатар «АR-АI» әрдайым айбынды болсын!

Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі

Аида БАЛАЕВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар