Таразда жылыту маусымына қосу жұмыстары бүгін толық аяқталады
- author AR-AY
- 13 қазан, 2025
- 67
Қазіргі таңда тұтынушыларды орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүргізілуде:
- Бірінші кезеңде — 6 қазаннан бастап білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандары жылумен толық қамтылды.
- Екінші кезеңде — 9-13 қазан аралығында көпқабатты тұрғын үйлер жылу жүйесіне қосылуда.
Қаладағы жылу өндіруші және таратушы мекемелердің мәліметінше:
«Таразтрансэнерго» МКК – 1 165 үйдің 1 153-і қосылды;
«Жамбыл-Жылу» МКК – 177 үйдің 161-і қосылды (қалған үйлер 13 қазан күні толық қосылады);
«София» ЖШС – 10 үйдің барлығы қосылды;
«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ – 55 үйдің барлығы жылумен қамтылды.
Дегенмен, 12 тұрғын үй техникалық себептерге байланысты әзірге жылуға қосылмаған. Олардың ішінде:
Төле би даңғылы, 9А – элеватор торабының клапан ұрттары кептелген;
Аққозиев көшесі, 5 – пәтерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр;
Ш.Мұртаза көшесі, 18 – пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
Төле би көшесі, 43 – пәтер ішінде құбыр жарылған;
Қазыбек би көшесі, 140 – шатырдағы құбыр желісі жарылған;
Жүнісалиев көшесі, 36 – элеватор торабының лай ұстағышы жарылған;
Абай даңғылы, 161 – клапан ұрттары кептелген;
Абай даңғылы, 129 – шатырдағы құбыр желісі жарылған;
«Самал» ықшамауданы, 7 – элеватор торабының лай ұстағышы жарылған;
Тоңқұрыш көшесі, 8 – элеватор торабының лай ұстағышы жарылған;
Телецентр, 2 – қосу жұмыстары 13 қазан күні жүргізіледі;
Жамбыл даңғылы, 9А – пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер барлық ақауларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кемшіліктер толық түзетілгеннен кейін бұл үйлер де орталық жылу жүйесіне қосылады.
Шерзат Полат ісі бойынша куәгерлер жауапқа тартылмайды
Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман келген
- авторAR-AY
- 6 қараша, 2025




