
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарған азаматты елге қайтарды, деп хабарлайды arainfo.kz
Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2018-2020 жылдары компания директоры болып жүріп, корпоративтік табыс пен қосылған құн салығын төлемей, мемлекетке 293 млн теңгеден астам шығын келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан аса халықаралық іздеуде жүрген.
Қыркүйекте ол БАӘ аумағында ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Заң бойынша оған мүлкі тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, биылдың өзінде БАӘ-ден Қазақстанға 9 қылмыстық іздеуде жүрген тұлға экстрадицияланды.
Келесі мақала