«Қайрат» – «Жетісу» матчынан кейін қос бапкер мәлімдеме жасады
- author AR-AY
- 6 қазан, 2025
- 262
Талдықорғандық команданың жаттықтырушысы Самат Смақов жеңілісті мойындап, жауапкершілікті өзіне алды. Оның айтуынша, матчтан кейін пікір білдіру оңай болған жоқ. Ол тактикалық жоспардың дұрыс таңдалмауы мен қорғаныстағы өрескел қателіктер жеңіліске әкелгенін мойындады. Бапкердің сөзінше, бұл ойында «Қайрат» айқын басымдық танытып, қарсыласты ойсырата жеңді. Сондай-ақ Смақов алматылықтарды қазіргі таңда Қазақстандағы ең мықты команда деп бағалады.
Ал «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашыларға сыйлыққа беріліп жатқан көліктерге байланысты пікір білдірді.
– «Футбол – командалық ойын. Бір ойыншыны бөліп көрсету дұрыс емес. Егер шынымен қолдау көрсеткісі келсе, бәріне бірдей берсін немесе клубқа көмектессін», – деді ол.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасында ерекше ойынымен көзге түскен қақпашылар Шерхан Қалмұрза мен Темірлан Анарбеков кәсіпкерлерден автокөлік алған болатын.
Алдағы уақытта «Қайрат» 21 қазанда Чемпиондар лигасында «Пафоспен», 26 қазанда ҚПЛ аясында «Астанамен» кездеседі.
Жас спортшы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық грант берілді
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




