Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Достық үйлерінің республикалық конгресі өтті

Достық үйлерінің республикалық конгресі өтті
Автор
Өскемен қаласында еліміздегі Достық үйлерінің республикалық І- Конгресі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған екі күндік жиын қоғамдық келісімді дамыту, азаматтық бірегейлікті нығайту және Қазақстанның мәдени әралуандығын ілгерілету бойынша өзекті тәсілдерді талқылау алаңына айналды.

Құрметті қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілханов бар. Ал Жамбыл жерінен Конгреске «Қоғамдық келісм» мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаева арнайы қатысты. Жалпы жиынға республикалық және өңірлік Достық үйлерінің басшылары, этномәдени бірлестіктер, жастар, сарапшылар және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.

Пленарлық отырыста мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың, жастар мен бизнес құрылымдарының өкілдері сөз сөйледі. Талқылау барысында этносаралық келісімді нығайту, жаңа сын-қатерлер мен қазіргі жағдайда Достық үйлерінің жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды.  

Конгресс аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – «Достық тәжірибелері: жұмыс істейтін үлгілер» атты сараптамалық сессия. Сессия қатысушылары өңірлердегі Достық үйлерінің қызметі, қоғамдық құрылымдардың этносаясат мәселелерін шешуге қатысуы, келісім мен азаматтық бірегейлікті ілгерілету тәжірибесі және жастардың бірлікті нығайту үдерісіне қосылуы сияқты тақырыптарды талқылады.

Сонымен қатар жиналған көпшілік 2025 жылы еліміздің бірқатар өңірінде табысты гастрольдер өткізген Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар театрының қойылымын тамашалады.

Жиынның қорытынды кезеңі Риддер қаласында жастарға арналған «Ассамблея жастары» мектебін өткізумен тәмамдалды.

Облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар