Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Департамент басшылары есеп берді

Департамент басшылары есеп берді
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде жыл сайын бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні өтетіні белгілі. Біздің облыста осы іс-шара Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен өткен іс-шараның мақсаты – бақылау және қадағалау қызметін реформалау аясында жүзеге асатын шараларды түсіндіру мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан барлығы 3 456 тексеру тіркелді. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің 1 152-сі микрокәсіпкерлік субъектілеріне, 378-і шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, 132-сі орта кәсіпкерлік субъектілеріне, тағы осыншамасы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі болып отыр.

Бизнес субъектілер мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсартуға бағытталған жиынға облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық санитариялық-эпедемиологиялық бақылау департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыс бойынша департаменті секілді мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Басқосуда аталған департамент басшылары жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жауап берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, бұл жөнінде кәсіпкерлерге облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы жеткізілетін болады.

Талғат ШАЛДАРБЕКОВ,

облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-

инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар