Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанның 7 облысында жолда көктайғақ және қар аралас жаңбыр күтілуде

Қазақстанның 7 облысында жолда көктайғақ және қар аралас жаңбыр күтілуде
istockphoto.com
Қазақстан бойынша республикалық автожолдардағы ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылғы 29 қыркүйек күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қауіпсіздігін сақтау қажет.

Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.

Қолайсыз ауа райына байланысты жол қозғалысына қатысушыларға:

  • Жылдамдық режимін қатаң сақтау;
  • Қауіпсіз арақашықтықты ұстану;
  • Жолдардағы көктайғақ тәуекелін ескеру қажет.

Жүргізушілер қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы тәулік бойы ала алады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар