Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қала күніне арналған 3000 тал — Келешек мектебінің жас оқушысының еңбегі

Қала күніне арналған 3000 тал — Келешек мектебінің жас оқушысының еңбегі
Автор
Тараздағы №66 Келешек мектебінің 7-сынып оқушысы Дәулет Інжу қала күніне орай өсірген 3000 талды қала әкімдігіне сыйға тартты, деп хабарлайды arainfo.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек»,-деді.

Келешек мектебінің оқушылары нанотехнология, VR технология, биотехнология салаларында жүргізген зерттеулері алғашқы нәтижелерін беруде. Бұл олардың ерте кәсіби бағдар алып, ғылымға ерте жастан қызығушылықтарын арттыруға жол ашады. Мәселен, Тараз қаласы №66 келешек мектебінің оқушысы  Дәулет Інжу 27 қыркүйек күні өсірген 3000 талын қала күніне орай қала әкіміне сыйға тартты. 

Інжудің бастаған «Қара ағаш қолтұқымымен гидрокарбонизациялау” зерттеу жұмысы “Bio Spectra” жобасында жалғасын тауып, 3000 қара ағаш өндірілді. Алғашында биология кабинеті зертханасында өндіріліп, жазғы демалысында тынбай жылыжайға отырғызып, оның күтімімен айналысты. Жоба жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Айнұр Бегманқызының берген нұсқауы бойынша қара ағашты өсіріп, қаланың көгалдануына атсалысты.

Мереке қарсаңында 100 түп ағашты мектеп ауласына отырғызып, қалған 2 900 түп жас көшет Тараз қаласын көгалдандыру мақсатында қала әкіміне сыйға тартылды.  

Мектеп ұжымы бұл бастаманы өзге оқушыларға үлгі боларлық іс деп санайды. Табиғатты аялау — тек қамқорлық емес, болашаққа деген жауапкершілік. 

Жасыл қала – жасампаз ұлттың белгісі.Тараз – көктемі жыр, күзінде сыр тұнған қала. Ел ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал сол ұрпақтың жүрегінде табиғат болса – болашағымыз баянды болмақ. 

Жас зерттеушінің ғылымға жасаған алғашқы қадамына қолдау білдіру мақсатында қала әкімінің Алғыс хатын қала әкімінің кеңесшісі Медет Нұрділлаұлы 7-сынып оқушысы Дәулет Інжуге тапсырды.   

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар