417 пәтер иесіз, 50 млн теңге бюджетке түспеген: Прокуратура заңсыздықты әшкереледі
- author AR-AY
- 23 қыркүйек, 2025
- 135
Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысы мен жалға берілетін пәтерлерді сатып алу заңдылығын тексерді.
Қадағалау барысында бірқатар заң бұзушылықтар әшкереленді: сапасы талапқа сай келмейтін пәтерлер сатып алынған, тұрғын үйді бөлу процесі кешіктірілген. Сонымен қатар бюджетке 50 миллион теңгеден астам жалдау төлемі түспегені белгілі болды. Иесі жоқ 417 пәтерге қатысты тиісті шаралар қабылданбаған. Ал тұрғын үй беру тәртібінің сақталмауы салдарынан 144 жетім бала есепке алынбаған.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде ұзақ уақыт бойы баспана күткен азаматтарға 298 пәтер берілді. Оның ішінде 82 пәтер жетім балаларға тапсырылды.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Жамбыл облысында найзағай мен қатты жел күтіледі
Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман келген
- авторAR-AY
- 6 қараша, 2025




