Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"Қайрат" футбол клубының әрі ұлттық құраманың қорғаушысы шаңырақ көтерді

"Қайрат" футбол клубының әрі ұлттық құраманың қорғаушысы шаңырақ көтерді
instagram.com/kff_team
Сүйінші жаңалықты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстандық футболшы, «Қайрат» клубы мен ұлттық құраманың қорғаушысы Дамир Қасаболат шаңырақ көтерді.

«Талабың оң болсын, Дамир!
Жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірге өткізер әр күндеріңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын! », – деп құттықтады федерация өкілдері.

Айта кетейік, 23 жастағы Дамир Алматыда дүниеге келген. Ол «Қайрат» сапында 2022 жылдың 6 наурызында Қазақстан премьер-лигасындағы «Ақтөбеге» қарсы матчта алғаш рет алаңға шыққан.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар