Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Абзал жандарға алғысым шексіз

Абзал жандарға алғысым шексіз
Автор
Өмір болған соң әртүрлі жағдайлардың кездесіп тұратыны белгілі. Бірде қуанасың. Ал кейде оқыс оқиғаға тап болып, мұңаясың. Мұндайда дана халқымыз «Жазым аяқ астында» деп те аталы сөз қалдырған. Шынында да алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Сонда да тек жақсылықтан үміт күтетініміз рас.

Қолыма қалам алып, былай сөз саптауыма биылғы көктемге орын алған жәйт түрткі болды. Сарысу ауданындағы Шағалалы ауылында тұратын қарындасым Рабиға Ахметбекова 20-сәуір күні сиыр сауып отырғанда денесінен әлдебір жәндіктің жыбырлап өткенін сезеді. Бастапқыда мән бермейді. Содан кешкісін дене қызуы көтеріліп, Сарысу аудандық орталық ауруханасының  жұқпалы аурулар бөлімшесіне  түседі. Қан талдамасы алынып, кене шаққаны анықталады.

Кейде қоғамда дәрігерлер туралы кереғар пікірлердің айтылып жататыны жасырын емес. Дегенмен бұл салада да нағыз майталман мамандардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Оған осы жолы тағы бір мәрте жеткіздім. Ауруханаға ауыр халде түскен қарындасым әуелі Алланың, сосын ақ желеңді абзал жандардың арқасында аман қалды.  Дәрігерлер Гүлдәурен Усимбекова (суретте), Дәурен Алдоңғаров,  медбикелер Марал Жаулибаева, Калима Есмаханова, санитарлар Шырынгүл Тұңғышбаева, Сандуғаш Таңатовалар жәутеңкөзденіп жәрдем сұраған жанға қолдарынан келгенше көмек беріп, өз міндеттерін мүлтіксіз атқарды. 15 рет қан ауыстырылды. Сол шақта жүргізуші Жангелді Иманбеков Тараз және Шымкент қалаларынан  жедел жәрдем көлігімен қан және оның компонеттерін жылдамдатып жеткізіп отырды.

Адам баласы қай кезде де өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Осы орайда өзімнің сүйікті басылымым – «AR-AI» газеті арқылы дертке дауа іздеген дәрігерлерге, мейірімді медицина мамандарына шынайы алғысымды жеткізгім келеді.

Асқар Ахметбеков,
Қызылдихан ауылының тұрғыны,
Сарысу ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар