Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Бюджет қаржысы үнемделеді»: Жүргізуші куәлігінен электронды чип алынып тасталады

«Бюджет қаржысы үнемделеді»: Жүргізуші куәлігінен электронды чип алынып тасталады
istockphoto.com
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің жаңа нысандары мен бланк үлгілеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Жобаның мақсаты құжаттардан электронды чипті алып тастау болып табылады.

Министрліктің мәліметінше, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығынды қажет етеді. Ал олардың функцияларын қазіргі кезде мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелер толық атқарып отыр. Осыған байланысты чиптен бас тарту бюджет қаражатын үнемдеуге және құжат дайындау процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жоба 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына арналған «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар