Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында бойжеткен әлеуметтік желідегі танысына 1,5 млн теңге беріп алданып қалды

Жамбыл облысында бойжеткен әлеуметтік желідегі танысына 1,5 млн теңге беріп алданып қалды
istockphoto.com
Жамбыл облысының тұрғыны TikTok-та танысқан жігітке сеніп, қомақты қаржы берген, деп хабарлайды arainfo.kz

Ол қыздың сеніміне кіріп, бірнеше мәрте көмек сұрап, кейін Түркияда шұғыл ота жасату қажет деп алдап, 1,4 млн теңге алған. Қыз бұл соманы қарызға жинап беруге мәжбүр болды.

Жігіт қаражатты қайтаратынын айтқанымен, уәдесінде тұрмай хабарсыз кеткен. Ақшасын қайтара алмаған бойжеткен сотқа жүгініп, қарызды өндірумен бірге 1 млн теңге моральдық шығын талап етті.

Алайда іс сот талқылауына жетпей, тараптар медиация арқылы келісімге келді. Келісім бойынша жігіт қарызды толық өтеуге міндеттелді, ал қыз қосымша талаптарынан бас тартты. Сот келісімді бекітіп, істі тоқтатты.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар