Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Конор Макгрегор Ирландия президенті болуға ниетті

Конор Макгрегор Ирландия президенті болуға ниетті
Инстаграм парақашасынан алынды
Конор Макгрегор президенттікке үміткер екенін мәлімдеп, ирландиялықтарды қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды arainfo.kz

Әйгілі ирландиялық спортшы Конор Макгрегор алдағы президенттік сайлауға қатысатынын ресми түрде жариялады. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Ирландия азаматтары, нағыз өзгерістер уақыты келді! Президент ретінде мен ешқандай заң жобасына алдымен халыққа ұсынылмайынша қол қоймаймын. Егер менің атымды сайлау бюллетенінен көргіңіз келсе, бүгіннен бастап өз округіңіздегі кеңес мүшелеріне хабарласып, менің кандидатурамды ұсынуды сұраңыздар», – деді спортшы.

Айта кетейік, Ирландиядағы президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасында өтеді. Ал, қазіргі мемлекет басшысы Майкл Хиггинс 2011 жылдан бері бұл қызметті атқарып келеді.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар