
Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері Жамбыл облыстық қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды, деп хабарлайды arainfo.kz
Аталған іс-шараның мақсаты – медициналық көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, донорлықтың маңыздылығын насихаттау және қоғамда әлеуметтік жауапкершілік пен мейірімділік құндылықтарын дамыту.
Қызметкерлер бұл бастамаға белсенді атсалысып, адам өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосу арқылы азаматтық парыз бен кәсіби жауапкершілікті жоғары деңгейде көрсетті.
№59 мекеме ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тұрақты түрде қатысатынын атап өтті.