Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазда 5 мыңнан астам жасөспірім ресми жұмысқа орналасты

Жазда 5 мыңнан астам жасөспірім ресми жұмысқа орналасты
istockphoto.com
2025 жылдың мамырында Enbek.kz электронды еңбек биржасында кәмелетке толмағандарға арналған «Менің жазғы каникулым» атты арнайы бөлім іске қосылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Оның көмегімен демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы 5,4 мың жас қазақстандық ресми жұмысқа орналасты.

Жаз айларында 16–18 жас аралығындағы жастар 13,6 мың түйіндеме жариялады. Ал 14–15 жастағы жасөспірімдердің ата-аналары 356 жеке кабинет ашып, 129 түйіндеме орналастырды.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап тек денсаулыққа зиянсыз және оқуға кедергі келтірмейтін, сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарға ғана рұқсат етіледі. Осы талаптарға сай 80-ге жуық мамандық белгіленген. Олардың ішінде тәрбиешінің көмекшісі, сатушы, тазалаушы-жуушы, SMM-менеджер, курьер және басқа қызметтер бар.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Менің жазғы каникулым» бөлімінде 305 жұмыс беруші тарапынан 2,1 мың бос жұмыс орны ұсынылды. Бұл мүмкіндік алдағы уақытта да қолжетімді болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар