Таразда психотроптық заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды
- author AR-AY
- Бүгін, 10:54
- 32

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокуратура үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік бөлімшелері арнайы операция жүргізді.
Тексеру барысында Тараз қаласындағы бірнеше дәріханадан мына заттар тәркіленді:
- 364 ампула трамадол препараты,
- 1800-ден астам тропикамид, сомнол және димедрол таблеткалары,
- 17 грамм психотроптық оксивид заты.
Төрт күдікті ұсталды. Оның ішінде Тараздың 59 жастағы тұрғыны 2023 жылдан бері тыйым салынған дәрілерді жеткізу және таратуды ұйымдастырып, оны дәріхана қызметі ретінде жасырып келгені белгілі болды.
Қазіргі таңда ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ іске қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау бойынша шаралар жалғасуда.
Бұл операция азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған ішкі істер органдарының жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.