
Ата Заңымыздың елге әкелген көптеген өнегелерінің бірі мемлекет құрастырушы ұлт тілі - қазақ тілін мемлекеттік деңгейде көтеруінде болып отыр.
Еліміздің егемендік алуына байланысты бүгінгі таңда қазақ тілінің мартебесі көтерілді. Сондықтан да ана тіліміздің қоғамдық өмірдің барлық саласында өз мартебесіне сай орын алу барысы күрделі жағдайда өтіп жатыр.
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында коғамдық қатынастардың барлық саласында колданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жургізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Бірақ өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекетіміздің бүкіл салаларындағы жұмыстардың көпшілігі тек ресми тілде жүргізіліп отырады.
Сондықтан, ең бастысы - өзіміз тілімізді құрметтеп сыйлауымыз керек, ана тіліне жай көңіл бөліп қана қоймай, оның әрі қарай жетілуіне заң жүзінде дамуына үлесімізді қосу және ана тілінде іс қағаздарын жүргізуді дамытуды қалыптастыруға күш салу қажет.
Басқа елдердің қай-қайсысын алсақ та, тіл маселесі дұрыс жолға қойылған.
Өйткені, ол тәуелсіздікті айкындайтын негізі фактордың бірі деп санау кажет. Қазіргі кезде Абай атамыз айтпақшы, «баяғы жартас, бір жартас» дегендей, мемлекеттік тіліміз әлі де жете дамып кете қойған жоқ. Заман талабына сай мемлекеттік тілді жедел, жете үйрену үшін қоғамдық, экономикалық қажеттілік көздерін тауып, талаптарын заң арқылы жүзеге асырып отыру қажет.
Ана тілін білмегендік, сүймегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады. Тілді тұсаулайтын өзге емес - өзіміз. Егеменді елдін бір белесі - мемлекеттік қазақ тілі деп санаймын, сондықтан осы ел белесін жоғары деңгейге жеткізу үшін мемлекеттік органдармен қатар сот жүйесінде де ұстау үшін мемлекеттік қазақ тілін игеруге косар үлесіміз, үмітіміз зор деп есептеймін.
Корыта айтатын болсақ, қазақ тілін білу, оны құрметтеу – халықтың парызы, ата-бабаларымыздың алдындағы қарызымыз, өтейтін борышымыз деп есептеу керек. Олай болса, намысқа тырысып, тіліміздің беделі үстем болуын, еліміздің әр азаматтары ардақтап, оны кеңінен қолданып, бірлесе, күшейту кажет деп санаймын. Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі мемлекеттік өрекендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрапақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосулары керек, ол үшін осы мәселе жөнінде мемлекет тарапынан талаптар да күшейтілуі қажет деп санаймын. Қазақстанның келешегі қазақ тілінде. Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ!
А.Қайратбекұлы,
Тараз қаласы №2 сотының судьясы