Жаңалықтар
Қазақстандық мұғалімдерге жасанды интеллектті қолдануды үйрететін жаңа бағдарлама басталды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:50
- 28

Жаңа оқу жылы қарсаңында қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды, деп хабарлайды arainfo.kz
Бағдарламаны ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп іске қосты. Ол халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, отандық білім беру жүйесіне бейімделген.
Курс барысында мұғалімдер:
- жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыда қолдануды;
- промпт жазу әдістерін;
- сабақ жоспарлау тәсілдерін;
- тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;
- иллюстрациялар жасауды;
- оқу мазмұнын жетілдіру жолдарын меңгереді.
Бағдарламаның басты мақсаты – жасанды интеллектіні мұғалімді алмастырушы емес, кәсіби қызметті жеңілдететін сенімді көмекші ретінде қолдану. Бұл ұстаздарға шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Оқуға мұғалімдер reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық педагог оқу процесіне қосылып, олардың жартысына жуығы сертификат алды.