Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жолдау 2024: табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық құндылықтарды қалыптастыру

Жолдау 2024: табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық құндылықтарды қалыптастыру
Үкімет
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде қоғамда экологиялық құндылықтарды, табиғатқа деген қамқорлық қатынасты қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, республикада «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Құжат экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне бағытталған.

Негізгі бағыттар арасында:
▫️ халықтың экологиялық ойлау мен мінез-құлқын жақсарту;
▫️ экологиялық жауапты өмір салтын ынталандыру жүйесін құру;
▫️экологиялық ағарту және білім беру;
▫️экология мәселелерін кең көлемде ақпараттық қамту.

«Тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған»,— деп атап өтті ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Бизнес пен ірі кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылуда – олар табиғатты аялау бастамаларын жүзеге асырудағы маңызды серіктестер ретінде қарастырылады.

Еліміздегі көптеген компаниялар қазірдің өзінде «Таза Қазақстан» аясындағы іс-шараларға қатысып, тұрақты технологиялар енгізіп, өздерінің қатысатын өңірлерде экожобаларға қолдау көрсетуде.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар