Жаңалықтар
Жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық: Санитариялық дәрігердің қаулысы
- author AR-AY
- Бүгін, 11:48
- 1

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025–2026 жылдардағы жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz
Қаулы 2025–2026 жылдардағы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді көздейді, оның ішінде:
- ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
- медициналық ұйымдарда кіре берісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
- ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруға бірінші кезекте қызмет көрсету;
- мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;
орта білім беру ұйымдарында:
- бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинеттік оқыту жүйесі жойылады және күнтізбелік 10 күн ішінде жаңа балаларды сыныптарға қабылдауға тыйым салынады;
- бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың жалпы санының 30%-ы және одан көбі ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, оқушыларды онлайн оқытуға көшіру жүзеге асырылады.
Осы қаулының толық мәтінімен Комитеттің сайтында танысуға болады.