Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алдағы күндері күн суытып, бұршақ пен жаңбыр жауады

Алдағы күндері күн суытып, бұршақ пен жаңбыр жауады
www.istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері 14, 15 және 16 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды arainfo.kz

Мамандардың айтуынша, республика бойынша нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасы сәл төмендеуі мүмкін.

Солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігінде әсерін сақтайды. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы және екпінді жел күтіледі. Елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында жоғары температура фонында найзағайлы өткінші жауын-шашын болуы ықтимал. Республика аумағында жел күшейеді, солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі мүмкін.

Ауа райы болжамы бойынша:

Қазақстанның батыс аймағында түнгі температура +13...+18°С, күндіз +20...+30°С аралығында болады;

Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде түнде +10...+18°С, күндіз +18...+26°С шамасында;

Орталық облыстар мен оңтүстік-батыста аптап ыстық төмендеп, күндізгі температура +25...+33°С-тен +20...+28°С-қа дейін;

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндіз +33...+38°С-тан +30...+35°С-қа дейін болады;

Шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, күндізгі температура +25...+30°С шамасында болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар