«Отбасы банк» баспана алушыларға қуанышты жаңалық жеткізді
- author AR-AY
- 14 тамыз, 2025
- 129

«Отбасы банк» тұрғындар арасында сұранысқа ие «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын қайта жанданды. Шілде айында уақытша тоқтатылған бағдарлама енді қайта іске қосылды.
Банк Қазақстан қор биржасы (KASE) арқылы 150 млрд теңге көлемінде қаражат тартып, несие беруді қайта бастағанын хабарлады.
Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалды: бастапқы жарна кемінде 20% құрайды; Астана мен Алматы қалаларында несие сомасы 36 млн теңгеге дейін, ал өзге өңірлерде – 30 млн теңгеге дейін; жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9,6%-дан 13%-ға дейін; несие мерзімі 19 жылға дейін.
Сонымен бірге «Наурыз» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна тұрғын үйдің түріне қарай ерекшеленеді: таза әрлеудегі тұрғын үй сатып алуда – 10%-дан, ал әрленбеген немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй үшін – 20%-дан басталады.
Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін), қалған азаматтар үшін – 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) болып белгіленген.
Несие мерзімі – 19 жылға дейін.
Алдағы күндері күн суытып, бұршақ пен жаңбыр жауады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
- авторAR-AY
- 25 қыркүйек, 2025
Таразда мас күйде автобус жүргізген азамат жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
- авторAR-AY
- 25 қыркүйек, 2025