Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Патриотизм, абырой мен парыз: жамбылдық полицейлердің қызметі Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталады

Патриотизм, абырой мен парыз: жамбылдық полицейлердің қызметі Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталады
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы Полиция департаментінде әр жұмыс аптасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталады.

Бұл бастама – ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып, жеке құрам арасында патриоттық рухты нығайтуға, жоғары қызметтік тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекеттік Гимн – бұл тек мемлекеттік тәуелсіздіктің символы ғана емес, сонымен қатар ішкі істер органдарының әрбір қызметкеріне құқықтық тәртіпті, заңдылықты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды миссиясын еске салады. 

Гимн орындалғаннан кейін бірден Жамбыл облысы ПД бастығы Бақытжан Малыбаев 2025 жылдың 17–18 маусымы күндері Астанада өткен «Орталық Азия — Қытай» саммиті барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде адал әрі кәсіби қызметімен көзге түскен полиция қызметкерлерін марапаттады.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Алғыс хатымен Тараз қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының взвод командирі Абзал Құрманов марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің бұйрығымен 21 полиция қызметкері марапатталып, тағы 27 басшылық және қатардағы қызметкерге арнаулы атақтар табысталды.

Саптық іс-шара аясында қызметкерлердің сыртқы келбеті, киім үлгісінің талаптарға сәйкестігі, қызметтік куәліктерінің болуы және қызметке дайындық деңгейі тексерілді.

Ішкі істер органдарының басты міндеті өзгеріссіз — халыққа адал, заңға сай және абыроймен қызмет ету, қазақстандық полицей деген жоғары атақты үлкен жауапкершілікпен алып жүру.

Саптық жиын салтанатты шерумен аяқталып, одан кейін полиция қызметкерлері өздерінің күнделікті қызметтерін атқаруға кірісті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар