Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық оқушылар АҚШ-та өткен олимпиадада жүлдегер атанды

Жамбылдық оқушылар АҚШ-та өткен олимпиадада жүлдегер атанды
Ашық дереккөз
Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) базасында өткен XCEL халықаралық олимпиадасында финалдық кезеңі мәресіне жетт, деп хабарлайды arainfo.kz

Аталған жарыста  жамбылдық оқушылар да жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Атап айтсақ, Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Батырхан Тілеулес жүлделі екінші орынды иеленсе,  Әсел Асқар мен Альмактум Асқар қола медальдарға ие болды.

XCEL халықаралық олимпиадасында жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылар қатысып, білім және инновация бағыттары бойынша бақ сынайды. Мұнда дарынды балалар түрлі салаларда әлеуетін ашу мүмкіндігіне ие болып, шетелдік жоғары оқу орындарынан тәжірибе жинақтай алады.

Олимпиадаға қатысушылар математика, шығармашылық және бейнелеу өнері, когнитивті ойлау және логика, робототехника санаттары бойынша бір немесе бірнеше бағытты таңдай алады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар